11. Жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келiсуден, ведомстводан тыс кешендi сараптамадан және бекiтуден өтедi.
Құжаттамаға сараптама осы Заңның 9-1-тарауында белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.
Бұл ретте жобалаушы техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi энергиямен жабдықтау желiлерiне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудiң басталғаны туралы хабар беруге құқылы.
13. Құрылыс процесi осы Заңның 6-тарауының нормаларына сәйкес сәулет-құрылыс бақылауында және қадағалауында болады.
14. Құрылысы аяқталған объект осы Заңның 11-тарауының нормаларына сәйкес пайдалануға қабылдануға тиiс.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдаудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркейтiн мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.
15. Жаңа объектiлер салуға және қазiргi бар объектiлердi өзгертуге қажеттi құжаттарды ресiмдеу мен берудiң тәртiбi, мерзiмдерi құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында белгiленедi.»;
43) 74-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасындағы «жүзеге асыруға құқылы» деген сөздер «жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылып, 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi өз бетінше қабылдауды, атап айтқанда:»;
4-тармақтағы «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi істері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда өз бетінше міндетті тіркеуге жатады.».
6. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 8-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-бапта:
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2) 19-3) 19-4) және 19-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды;
19-2) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың арасынан астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыратын уәкілетті ұйымды айқындайды;
19-3) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, астананың көп пәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
19-4) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;
19-5) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды уәкілетті ұйым арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтеуді жүзеге асырады;»;
3) 12-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында жергілікті атқарушы орган көп пәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қарауды жүргізеді.
Техникалық зерттеп-қарау актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын үйлердің тізбесін айқындайды.
Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы:
уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жөндеуді жүргізу туралы;
мердігер ұйымды таңдау туралы;
астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды толық өтеу жөніндегі өтінішті кондоминиум объектілерін басқару органы арқылы беру туралы шешім қабылдайды.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде кондоминиум объектісін басқару органы уәкілетті ұйыммен жөндеуді жүргізуді ұйымдастыруға арналған шарт жасасады.
Кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шарт және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым кондоминиум объектісін басқару органымен бірге мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды.
Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
Уәкілетті ұйым мердігер ұйымға орындалған жұмыстарының көлемі үшін ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алған және көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеуге арналған қаражат есебінен жүзеге асырады.
5. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін уәкілетті ұйымға:
1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру;
2) мыналармен:
кондоминиум объектісін басқару органымен;
мердігер ұйыммен шарттар жасасу;
3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген.».
7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №5, 42-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; №17, 136-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 16-құжаттар; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 41-құжат; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат):
134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) экономика, құрылыстағы баға белгілеу және басқару саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;».
8. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №7, 36-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №15, 78-құжат):
1) 73-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсу
1. Екi және одан да көп облыстың шегiнде орналастырылатын қауiптi өндiрiстiк объектiнi, сондай-ақ стратегиялық объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.
Өзге де қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.
2. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым басшысы жобалау құжаттамасын келiсу үшiн:
1) жобалау құжаттамасын келiсуге жiберу туралы өтiнiштi;
2) жобалау құжаттамасының көшiрмесiн ұсынады.
Келiсу тәртiбi қаржыландыру көздеріне қарамастан жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ олардың қазіргі барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларында айқындалады.
3. Келiсу туралы оң шешiм немесе оны келiсуден уәждi бас тарту Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті жиынтық сараптамалық қорытындыға енгізіледі.
4. Жобалау құжаттамасына өзгерiстер енгiзiлген кезде қайтадан келiсу жүргiзу мiндеттi.».
9-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, 79-құжат):
2-қосымша мынадай мазмұндағы 347-1, 347-2 және 347-3-жолдармен толықтырылсын:
«