Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешiмi
Осы редакция 2020 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалына жіберуді;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;