Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 241-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 341-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына, 654-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асырудың төмендегі өлшемшарттары айқындалсын, оларға сәйкес келсе, осы бағалы қағаздар бойынша дивидендтерге салық салынбайды: