«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 347/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 110/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18949 болып тіркелді) келесі өзгерістер:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әзірленген бағдарламалық қамтылымды, бастапқы бағдарламалық кодтарды (болған кезде), «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформациялау департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;