(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫНА АЙ САЙЫНҒЫ АҚШАЛА...

Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының спортшыларының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (бұдан әрі - Жабдықталым):

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Х.Х. Нұрғалиева) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Қ. Байжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.