«Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 267-НҚ бұйрығы

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 267-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қарашадағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 168) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Мәдениет және ақпарат министрі

 

А. Балаева

 

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат министрі

2024 жылғы 24 маусымдағы

№ 267-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.