«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 11-1-4/309 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 11-1-4/309 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидаларында:

2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезіндегі өкілдік мақсаттарға;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезінде өкілдік мақсаттарға арналған өкілдік шығындарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өкілдік шығындар нормаларының 6-тармағында көрсетілген шығындар жатады.»;

9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.