«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 15 мамырдағы № 51 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ның өлшемдері, СҚА-ны белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлей отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Жұмыс істеп тұрған объектілер тарихи қалыптасқан құрылыс болғанғандықтан, олардың СҚА-ның өлшемдерін осы Санитариялық қағидалардың 26-тармағына сәйкес азайтуға жол беріледі.