«Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығы
(2021.31.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2020.15.09. № 871 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес бұйырамын:
ҚР Қаржы министрінің 2020.15.09. № 871 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш.Тәжіяқов) заңнамада бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылдың 6 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.