«Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 24 маусымдағы № 432 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қор қаражатының түсімдері бойынша операциялар «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес есепке алынады.»;
1-тармағының бесінші, алтыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ОМО жергілікті уәкілетті органдар (бұдан әрі - ЖУО) ұсынған өтінішхаттарды Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес олар электрондық құжат айналымы арқылы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды.»;
18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармағының сегізінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«18. Қор қаражатын ЖУО-ның тиісті шоттарына аударуды ОМО мемлекеттік қазынашылық органдарына РБК шешімімен және мақұлданған Тізбемен қоса төлеуге берілетін шот ұсыну жолымен «Қазынашылық-клиент» цифрлық жүйесі арқылы жүргізеді.