«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 387 бұйрығы

 «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 387 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.»;

196-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураларды ресімдеу;»;

202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.