Тәлімгерлік жөніндегі ұйымдарға жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы берілетін ақпарат көлемін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 86 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-2-бабы 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тәлімгерлік жөніндегі ұйымдарға берілетін жынысы, жасы, ұлты, денсаулық жағдайы, мінез ерекшеліктері, қызығушылықтары мен құмарлықтары, оқуы, ата-анасының қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің, кәмелетке толған туыстарының болуы туралы мәліметтер бар жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпарат көлемі айқындалсын.