«Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 311 бұйрығы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10921 болып тіркелді, 2015 жылғы 10 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.»;
Осы бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Осы бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: