(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫН ЖОСПАРЛА...

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы

(2019.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 154-3-бабының 8-тармағына және 230-бабына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына және 20-бабының 5), 6) және 11) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібі;

3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу тәртібі;

4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары;

5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесі;

6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға кажетті сараптамалар жүргізуге койылатын талаптар бекітілсін.

2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.