«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 323 бұйрығы

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 323 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында жұмыс органы мен оператордың арасында операторлық қызметтер көрсету жөнінде шарт жасалады. Қызметтер көрсету жөніндегі шартты жасасқанға дейін, осы Қағидаларда көзделген оператордың функцияларын жұмыс органы жүзеге асырады. Оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде облыс/қала аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық/қалалық әкімдіктің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.»

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Кредитор ішкі рәсімдерге сәйкес қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.