«Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 235 бұйрығы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 235 бұйрығы

(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 14-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі бекітілсін.

2. «Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 379 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21295 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.