«Сәтбаев қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 32/03 Қаулысы

Сәтбаев қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 32/03 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2025-2029 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қаласы әкімінің м.а.

А. Сыздыманов

 

Сәтбаев қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 20 мамырдағы

№ 32/03 қаулысына қосымша

 

 

Сәтбаев қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы


1-Тарау. Жалпы ережелер

 

1. Сәтбаев қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Реновациялау бағдарламасы) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.