«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 88 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14167 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы тексеру парағы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын тексеру парағы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: