«Жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған (оның ішінде білім беру орындарының базасындағы) объектілерді реконструкциялауды, жаңғыртуды және жете жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған график-жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 426 Қаулысы (2023.04.04. берілген өзгерістермен)

Жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған (оның ішінде білім беру орындарының базасындағы) объектілерді реконструкциялауды, жаңғыртуды және жете жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың 2022 - 2025 жылдарға арналған график-жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 426 Қаулысы

(2023.04.04. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған (оның ішінде білім беру орындарының базасындағы) объектілерді реконструкциялауды, жаңғыртуды және жете жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың 2022 - 2025 жылдарға арналған график-жоспары (бұдан әрі - график-жоспар) бекітілсін.

2. График-жоспарды орындауға жауапты жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:

1) график-жоспарды іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;

2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 желтоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне график-жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жоспар-кесте іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен жоспар-кестесі өзгертілді (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.