Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 547/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 57-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің цифрлық шешімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрдің міндетін атқарушы |
Р. Коняшкин |
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 547/НҚ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау