ҚР СТ EN 15737-2018
Ағаш конструкциялары
Сынау әдістері
Бұрандаларды бұрау кезіндегі кедергі
(EN 15737:2009 Timber Structures - Test methods -
Torsional resistance of driving in screws, IDT)
Осы ұлттық стандарт европалық EN 15737:2009
стандартнына ұқсас келтірілген және CEN рұксатымен
қабылданған, мекенжайы Марникс даңғылы, 17, В-1000 Брюссель
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Астана
5. Материалдарға қойылатын талаптар
Осы стандарт ауыр сүрекке, желімделген діңгекке немесе басқа сүрек құрастырылымдарына бұрандаларды бұрау кезіндегі кедергіні анықтау әдістерін белгілейді.
Осы стандартты қолдану үшін мынадай нормативтік сілтемеліr құжаттар қажет. Күні көрсетілген сілтемелер үшін тек көрсетілген сілтемелік құжаттар қолданылады, күні көрсетілмеген сілтемелер үшін сілтемелік құжаттың соңғы босылымы қолданылады (барлық өзгерістерін қосқанда):
EN 14592:2008+А1:2012 Timber Structures - Dowel type fasteners - Requirements (Ағаш құрастырылымдар. Сұққыш типті бекіту тетіктері. Техникалық талаптар)
ISO 13061-1:2014+Amd1:20171) Physical and mechanical properties of wood - Test methods for small clear wood specimens - Part 1: Determination of moisture content for physical and mechanical tests (Ағаш. Физикалық және механикалық қасиеттері. Шағын тазартылған үлгілерді сынау әдістері. 1-бөлім. Физикалық және механикалық сынақтар үшін ылғалдықты анықтау)
ISO 13061-2:2014+Amd1:20172) Physical and mechanical properties of wood - Test methods for small clear wood specimens - Part 2: Determination of density for physical and mechanical tests (Ағаш сүрегі. Физикалық және механикалық қасиеттер. Тазартылған шағын үлгілерді сынау әдістері. 2-бөлім. Физикалық және механикалық сынақтар үшін тығыздықты анықтау)