(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ КӨЛІКТІК ОРТАСЫН Ж...

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілері тізбеге сәйкес айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.