Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығы
(2019.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 44 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшағасәйкес;
3) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.28.12. № 953 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)