«Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 203 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35240 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған жеке тұлғаларға құмар ойындарға қатысуға рұқсат беруден бас тартады.