«Радиотелефондық байланыста қолданылатын тілді меңгеру дәрежесін айқындауға арналған тестілеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 424 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Радиотелефондық байланыста қолданылатын тілді меңгеру дәрежесін айқындауға арналған тестілеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8783 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 8 (24629) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиотелефондық байланыста қолданылатын тілді меңгеру дәрежесін айқындауға арналған тестілеу қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: