«Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 64 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 15 ақпандағы № 23 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
«Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақта:
8) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес пестицидтерді, биоагенттерді өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктерді қорғау саласындағы тексеру парағы;»;
мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өсімдіктерді қорғау саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру парағы;
12) осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өсімдіктерді қорғау саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру парағы;