«Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 349 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 349 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17079 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 75-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Бастапқы геологиялық ақпарат - табиғи жеткізгіштердегі ақпарат (бұрғылау ұңғымаларының керндері, пайдалы қазбалардың, көмірқышқылды газдардың, меркаптандардың, судың сынамалары, жыныстар мен минералдардың үлгілері, тас материалдың сынамалары мен коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар), жасанды (қағаз және электрондық) жеткізгіштердегі ақпарат (далалық бақылаулар, сынамалау, сынамаларды талдау, геофизикалық байқауларды тіркеу журналдары, операторлардың рапорттары, ұңғымалардың істері, ұңғымаларды геофизикалық зерттеу материалдары, керндік сипаттамалар, уақытша қималар, топографиялық деректер, сейсмограммалар, магниттік таспалар, картридждер;»;

2-тармақтың 5) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.