«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығы (2026.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығы

(2026.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 113-НҚ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.03.07. № 194 бұйрығымен (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.