Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 633 бұйрығы
(2024.01.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 246 бұйрығымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
ҚР Қаржы министрінің 2024.14.10. № 694 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мемлекеттік органдар үшін жылына 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджеттік комиссия, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары қолданылмайды.
Мемлекеттік органдар ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджеттік комиссия, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметінің ерекешелігін ескере отырып, қажет болған жағдайда кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің ішкі тәртібін дербес әзірлейді және бекітеді.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;