2017 - 2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 64-VI шешімі
Осы редакция 2017 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігі ұсынған 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, VІ шақырылған облыстық мәслихат VІІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 169 844 230 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 60 389 847 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 393 044 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 109 061 339 мың теңге;
2) шығындар - 169 482 555 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 321 489 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік несиелер - 1 234 690 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 913 201 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 40 186 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -40 186 мың теңге:
қарыздар түсімі - 1 024 690 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 1 064 876 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. Атырау қаласы мен аудандар бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2017 жылға келесідей көлемде бекітілсін:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы:
Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет аудандарына және меншікті облыстық бюджетке - 100%;
Жылыой ауданына және Атырау қаласына - 50%;