«Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 320 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарында, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым).
2) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру – ауыл шаруашылығы техникасын сериялы өндіру жүйесі.