(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТОРДА ӨСІРІЛЕТІН ТЕРІСІ БАҒАЛЫ АҢДАРДЫ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫҚ...

Осы редакция 2017 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 10 қазандағы

№ 3-3/517 бұйрығына

16-қосымша

 

 

Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды асыл тұқымдық құндылығын

 бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі

нұсқаулық

(2016.27.05. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылауды, сондай-ақ торда өсірілетін күзендерді, ақтүлкілерді, түлкілерді, бұлғындарды, сасық күзендерді, жанат тәрізді иттерді және саз құндыздарын бонитирлеу (бағалау) кезіндегі зоотехниялық талаптарды белгілейді.

2. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді (бағалауды) бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.

 

 

2-тарау. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді
(бағалауды) ұйымдастыру

 

3. Аңдарды бонитирлеу (бағалау) - олардың тұқымдылығына, түсінің реңкіне, мөлшері мен дене бітіміне, жалпы түсіне және жүн жамылғысының сапасына, сондай-ақ кейбір қосымша белгілеріне жеке баға беру. Бұл бағалар бойынша одан әрі асыл тұқымдық жұмыс, асыл тұқымды аңдарды жарамсыз деп белгілеу және іріктеу, жұптарды таңдау жүргізіледі. Қосымша белгілер тұқымға қалдырылатын аңдарда бағаланады.

4. Бонитирлеуге (бағалауға) асыл тұқымды ядроның бүкіл алдын ала іріктелген төлі және табынның репродуктивті бөлігі, сондай-ақ төл сапасы бойынша тексеруге жататын аталық пен аналықтардан алынған төл жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.