«Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 328 бұйрығы

 «Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 328 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14101 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.