«Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығы (2022.21.06. берілген өзгерістермен)

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығы

(2022.21.06. берілген өзгерістермен)

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЬІРАМЫН:

1. Мына:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кен іздеушілікке арналған лицензия нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.