«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына 2-қосымша) (алып тасталды)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.14.10. № 169 Қаулысымен алып тасталды

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2017 жылғы 31 шілдедегі

№ 149 қаулысына

2-қосымша

 

 

«Валюталық операцияны тіркеу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: қағаз жеткізгіштегі хабарлама куәлік.

Егер валюталық операцияға «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына сәйкес хабарлау режімі қолданылмаса, көрсетілетін қызметті алушыға түсіндіру сипатындағы хат жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды кері қайтару себептері көрсетілген еркін нысандағы жазбаша өтінішті беруі арқылы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін кері қайтаруға жол беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.