«Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 112 бұйрығы (күші жойылды)

«Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 112 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 340 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында;

3) Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында;

4) egov.kz. порталында орналастырылған.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.