(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАРЛАР ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛ...

Тауарлар шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188 шешімі

 

Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 82-бабының 3-тармағына, 118-бабының 3 және 4-тармақтарына, 120-бабының 20-тармағына, 124-бабының 12 және 15-тармақтарына, 125-бабының 4-тармағына, сондай-ақ, 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

1. Қоса беріліп отырған Тауарлар шығаруға, тауарлар шығарудан бас тартуға және тауарлар шығаруды жоюға байланысты кедендік операциялар жасаудың, тауарлар шығару мерзімін тоқтату, мұндай тоқтатудың мерзімін ұзарту және оларды бұзу туралы шешімдерді ресімдеудің, сондай-ақ, мұндай шешімдерді қабылдау туралы хабардар етудің тәртібі бекітілсін.

2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың 43-тармағында:

а) 3) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес, зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы, тауарлар шығаруды тоқтату мерзімін ұзарту туралы, мұндай тауарларды шығару мерзімін тоқтатуды жою туралы мәліметтер;»;

б) 4) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«егер кеден органы ТД-ны қайтарып алуға рұқсат еткен немесе декларант ТД-ны қайтарып алу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асырмастан, кеден органы тауарлар шығаруды жойған жағдайда, кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес жазу түсіріледі (мұндай шешім қабылданған күн көрсетіледі), ол лауазымды тұлғаның қолы қойылып, жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырылады.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.