«Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығы

Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығы

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы № 373 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрдің

міндетін атқарушысы

2024 жылғы 29 қазандағы

№ 863 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру

қағидалары

 

1. Осы Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.