(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮД...

2022-2024 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетің бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 1 шешімі

 

Осы редакция 2022 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2022-2024 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 37 175 834 мың теңге:

салықтық түсімдер – 17 232 527 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 63 000 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 547 930 мың теңге;

трансферттер түсімі – 11 332 377 мың теңге;

2) шығындар – 41 713 588 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу– 55 000 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу– 55 000 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 482 754 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 4 482 754 мың теңге:

қарыздар түсімі – 14 679 137 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 10 196 383 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары– 0.

2. 2022 жылға арналған қала бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптасады деп анықталсын:

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салықтан;

2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.