Атырау облысы әкімдігінің
2008 жылғы 14 сәуірдегі
№ 103 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы әкімдігінің 2022.26.05. № 121 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы туралы
Ереже
(2023.07.11. берілген өзгерістермен)
1. «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Басқарма) Атырау облысы бойынша жер заңнамасының сақталуын іске асыруға, сондай-ақ қалалық, аудандық атқарушы органдардың жер қатынастарының үйлестіруге, оған басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.