«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 350 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 350 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-қ. жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:

7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін аумақтық қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А «Ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы (пилоттық жобасы) қалдықтары туралы есеп» нысанын ұсынады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:

осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кітабы;

осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;

осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.