«Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығы (2017.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығы

(2017.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 84 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.27.03. № 127 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Білім саласындағы (балабақша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.