«Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 333 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 808 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпараты цифрлық дерекқорына жедел санкцияланған қол жеткiзу арқылы беріледi.»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдардың меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң цифрлық дерекқорына қол жеткiзуi осы Қағидалардың 4,5,6 және 7-тармақтарында белгіленген көлемде айқындалады.