«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 493 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34. «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – 1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
35. 1-мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну туралы мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды:
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама), СЖТ және техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама) алу үшін: