Объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 5 кезекті отырысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: