«КӘСІПТІК СТАНДАРТ «Қысыммен құю» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 316 бұйрығына 5-қосымша (2026.23.03. берілген толықтыруларымен)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.03. № 83 бұйрығымен 5-қосымшамен толықтырылды (2026 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

2025 жылғы 26 тамыздағы

№ 316 бұйрығына

5-қосымша

 

 

КӘСІПТІК СТАНДАРТ

«Қысыммен құю»

(2026.23.03. берілген толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіби стандарттың қолданылу саласы: «Қысыммен құю» кәсіби стандарты (бұдан әрі - кәсіби стандарт) Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес кәсіпорындарда персоналды оқыту, қызметкерлер мен білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіби біліктілігін тану, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу мақсатында әзірленген және металдарды құю саласында қолданылады.

2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) құю - сұйық агрегаттық күйдегі материалмен қандай да бір нысанды (қалыпты, ыдысты, қуысты) толтыру процесі;

2) металдарды қысыммен құю - қорытпаны жоғары қысыммен (7-ден 700 мпа-ға дейін) пресс-қалыпқа жылдам айдау арқылы құймалар дайындау тәсілі;

3) пресс-қалып - қысыммен құю машиналарында құймалар өндіруге арналған металл құю қалыптары;

4) құюға арналған төгуші қалып - құю қалыптарына металл құйғаннан кейін ковштарда қалған металл қалдықтарын төгуге арналған ашық құю қалыптары;

5) құю шөміші - сұйық металды құю қалыптарына құюға арналған құю шөміші;

6) материалтану - материалдың құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланыстарды зерттейтін ғылым;

7) ақау - сызбаларға, стандарттарға, техникалық шарттарға, инженерлік нормаларға (ережелерге) сәйкес келмейтін және оларды түзетуге қосымша шығындарсыз өз тікелей мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын өнімдер, жартылай фабрикаттар, бөлшектер, тораптар мен жұмыстар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.