Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім (Анкара, 2022 жылғы 10 мамырда) (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы

 ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы

КЕЛІСІМ
(Анкара, 2022 жылғы 10 мамырда)

 

ҚР 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 26-VIII Заңымен ратификацияланды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі бұдан әрі Тараптар деп аталып,

2003 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы келісімнің ережелерін назарға ала отырып,

Тараптардың экономикалық және қоғамдық мүдделерін қорғау мақсатында ынтымақтастық деңгейін арттыруға ұмтыла отырып,

Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру қажеттілігін мойындай отырып,

Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу мерзімдерін қысқарту және оны оңайлату үшін жағдай жасау мақсатында,

ақпарат алмасуды дамытуды және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлатуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Тараптар осы Келісімді іске асыруға Тараптардың кеден органдарына:

Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне;

Түркия Республикасында - Түркия Республикасының Сауда министрлігіне уәкілеттік береді.

Уәкілетті органдар өзгерген жағдайда Тараптар бір-бірін мұндай өзгерістер туралы дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.

 

 

2-бап

 

Ақпарат алмасу және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату (бұдан әрі - ААКБРО) ақпарат алмасудың техникалық шарттарына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасуға негізделген.

 

 

3-бап

 

1. Берілетін ақпараттың құрамы осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.