«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 175 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кодекстің 221-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.