Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген, 2008 жылғы 4 шілдеде «Заң газеті» газетінде № 101 (1327) жарияланған);
2) «Екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 212 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада «Заң газеті» газетінде» № 181 (1777) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;