(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕЛЕ-, РАДИОАРНАЛАРДЫ ТАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТПЕН АЙ...

Осы редакция 2017 жылғы 24 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 505 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Инвестиция және даму министрінің 2016.26.01. № 82 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

ҚР Инвестиция және даму министрінің 2016.26.01. № 82 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 15 (жиырма) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.